Оқиғаларымыз

Астана Батыс Азияның үздік жүзушілерін бір алаңда тоғыстырды!

1–2 тамыз күндері Назарбаев Университетінің Athletic Center базасында Жүзуден Батыс Азия халықаралық чемпионаты өтті. Турнирді iSwim жүзу академиясы Global Aquatics ұйымымен бірлесіп ұйымдастырды. Чемпионатты өткізудің бастамашысы әрі iSwim академиясының негізін қалаушы — Дәулет Исмагулов.
Ауқымды спорттық додаға 7 елден — Қазақстан, Қырғызстан, Иран, Түрікменстан, Үндістан, Тайланд және Малайзиядан — 450 мықты спортшы қатысты.
Екі күнге созылған жарыс барысында спортшылар жоғары дайындық деңгейін, керемет жылдамдықты, қайсарлық пен жеңіске деген жігерін көрсетіп, халықаралық турнирдің жүлделері мен жеңімпаз атағы үшін бақ сынасты.

Чемпионаттың ең танымал қонақтарының бірі — Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасы Су спорты түрлері федерациясының Бас хатшысы Дмитрий Баландин болды. Оның жарысқа қатысуы жас спортшыларға ерекше шабыт беріп, додаға деген қызығушылық пен маңыздылықты арттырды.

Өткен чемпионат жай ғана жарыс емес, тәжірибе алмасуға, елдер арасындағы спорттық байланыстарды нығайтуға және өңірдегі жүзу спортын дамытуға арналған маңызды халықаралық алаңға айналды. Қазақстанда осындай деңгейдегі турнирдің өткізілуі жүзу спортын кеңінен насихаттау және халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам болды.

Барлық қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, жаттықтырушыларды және ұйымдастырушыларды чемпионаттың сәтті өтуімен құттықтаймыз! Бұл турнир жаңа жетістіктерге, рекордтар мен жарқын жеңістерге бастау болсын!
Made on
Tilda